MediaStar.kz
Қазақ әндерінің деректер қоры
Жүйеге кіру
Электронды пошта:
Құпиясөз:

Құпиясөзді ұмытып қалдым

Тіркелу









Әннің атауы
Әннің атауы:
Көкшетау
Топтама нөмірі және әннің деректер қорына тіркелген күні:
№36, 20 наурыз 2024 жыл

Әннің тақырыбы:

Авторлар тізімі:
Авторлар тізімі Авторлықтың түрі
Сөзінің авторы Музыкасының авторы
1 2 3 4
1.Гүлзат Әмин
2.Шалғын Ақатай
«
»
Ән орындаушыларының тізімі
Жүктеу
Ән мәтіні

Көкшетаудың етегі,

Бітік өскен қарағай.

Қатар-қатар тастарың,

Сап құрыпты жағалай.

Ақбас шыңдар анамның,

Ақ жаулығы сияқты.

Өлең ғылып өрейін,

Мынау әсем қиақты.

 

Көл бетінде көгілдір,

Төңкеріліп көк күмбез.

Қандай ғажап табиғат!

Қиял сүңгіп жеткізбес.

 

Бабаларым кешегі,

Хандық құрған бұл мекен.

Саясында сексен көл,

Кербез Көкше – көл мекен.

Шабытымның қайрағын,

Көк тасыңа жанайын.

Қимай тұрмын мен сені,

Қынаң болып қалайын.

 

Тұнығыңнан мөп-мөлдір,

Ашылды жан сарайым.

Көзайым боп тұрсамда,

Көзім тоймай қараймын.

Advert's photo
Ақпарат демеушісі:
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні
Advert's photo
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні

Ақпаратпен бөлісу
Әлеуметтік желілерде осы ақпаратпен бөлісу:

Пайдаланушылар пікірлерінің тізімі

Пікір қосу үшін жүйеге кіріңіз немесе біздің сайтымызға тіркеліңіз

Бұл әнге әлі ешкім пікір қалдырған жоқ. Бірінші болыңыз!








©2021 - 2024. MediaStar.kz – қазақ әндерінің деректер қоры
Барлық құқықтар сақталған!

Яндекс.Метрика