№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Бақыт Шаяхметов |
Өмір кейде қаталдау да болады,
Бір балақай жабырқаулы қарады.
Ана мені тастамашы жалынам,
Аяғымнан ызғар өтіп барады.
Ойланыңдар, ойланыңдар аналар,
Ана ғана балаларын бағалар.
Бөбегінді жетім қылып жылатсаң,
Өгей болып бұрыштарды паналар.
Жүрегім-ау, жүрегім-ау жаралы,
Ауыр сөзден көңіліміз қалады.
Жетім деген неткен қиын сөз еді,
Қинайды ғой жүрек пенен сананы.
Әрбір адам аялайды баласын,
Ана біткен баласына қарасын.
Жүректегі мейірімдер азайып,
Заман қайда бұзылып-ау барасың.
Айналайын анашым,
Қинап мені-ау барасың.
Қатал мынау өмірде,
Бақытты қайдан,
Бақытты қайдан табасың?