№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Бақыт Шаяхметов | |||
2. | Жұмабек Көпірбаев |
Шеңгелді құтты мекен тұрағым-ай,
Арналар саған ыстық жыр әнім-ай,
Жусаның аңқып тұрар қыр арқаңда,
Ойыңда бал татыған құрағым-ай.
Қайырмасы:
Шеңгелді байтағым-ай,
Ән қылып айтамын-ай,
Ұзасам өзіңнен-ау,
Сағынып қайтармын-ай, қайтармын-ай.
Жігіттер ат мініп, көкпар тартқан,
Ауыл мен аймаққа болған мақтан.
Щеңгелді қасиетіңнен айналайын,
Тай мініп балалары атқа шапқан.
Қайырмасы
Қарттары абыз болған ақылман-ай,
Қол үзбес туған-туыс жақыннан-ай.
Келіндер бәрі әдепті, өнегелі,
Шықпаған ата-дәстүр салтынан-ай.
Қайырмасы