№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Назым Әділбайтегі | |||
2. | Төрежан Сүлейменов |
Күлімдесе көздерің,
Күнім десе сөздерің.
Жымиясың сен еріксіз,
Тұрар сенің жүздерің.
Қайырмасы:
Музам менің сен өзің,
Жүрек дертін емдеші.
Келе алмасаң сен өзің,
Сен өзің-ақ кел деші.
Көңілденсең селт етіп,
Елең етсең еліп етіп.
Көрінеді көзіңнен,
Ғашық болып жүргенің.
Қайырмасы
Қанша батыл болсам да,
Қысылып жүрмін енді мен.
Ақын жүрек бәрі бір,
Ештеңеге көнбеген.
Қайырмасы