№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Бауыржан Құрманқұлов |
Өтті күндер, өтті айлар, өтті жылдар,
Өзек жарған жоқ қазір отты жырлар.
Менің қара шашыма қырау түсті,
Ерте түсті ертерек соқты да ызғар.
Бұл жалғанда түсіндім бәрі бекер,
Бәрі бекер... өмір де... бәрі де өтер.
Қарағым-ай, қай жерде жүр екенсің,
Сағындым ғой өзіңді, жаныма кел.
Мен өзіңді жылатып кетіп едім,
Кетіп едім... соныма өкінемін.
Қарағым-ай, қай жерде жүр екенсің,
Бір көрінші көзіме, өтінемін.
Тереңіне тартады теңіздей мұң,
Бәріне де кінәлі өзім деймін.
Келемін деп мен саған келмей кеттім,
Келмей кетіп бүгін де сені іздеймін.
Сені іздеймін, алдыңда кінәлі едім,
Мазам болмай жүр содан мына менің.
Қарағым-ай, жығылып аяғыңа,
Мен бәріне кешірім сұрар едім.
Сонда бәлкім көңілім табады жай,
Жайым осы, түсінші, қарағым-ай.
Қарағым-ай, менде арман болмас еді,
Кездескенде қарсы алсаң, баяғыдай.