MediaStar.kz
Қазақ әндерінің деректер қоры
Жүйеге кіру
Электронды пошта:
Құпиясөз:

Құпиясөзді ұмытып қалдым

Тіркелу









Басы » Барлық әндердің жалпы тізімі » Ей, жемқорлар, тоқтаңдар
Әннің атауы
Әннің атауы:
Ей, жемқорлар, тоқтаңдар
Топтама нөмірі және әннің деректер қорына тіркелген күні:
№39, 23 сәуір 2024 жыл

Әннің тақырыбы:

Авторлар тізімі:
Авторлар тізімі Авторлықтың түрі
Сөзінің авторы Музыкасының авторы
1 2 3 4
1.Марита Қабижанқызы
«
»
Ән орындаушыларының тізімі
Жүктеу
Әннің бейнебаяны
Ән мәтіні

Адал еңбек бақ әкеліп жолыңа,

Жоғарылап билік тиді қолыңа.

Әп-әдемі адам едің бір кезде,

Неге түстің жемқорлықтың торына?!

Бабаң сені алар ма екен кешіре,

Құнықтың сен мол байлыққа несіне?!

Қолыңды тарт, есіңді жи, ей жемқор,

Бұл-қазаққа Алла берген несібе!

 

Аямастан өз ұлтыңды, халқыңды,

Ұмыттың сен Атазаң мен антыңды.

Абыройды айырбастап мансапқа,

Жолдан тайдың көрдің дағы алтынды!

Ойламайсың хал жағдайын басқаның,

Көп қазақты үйсіз-күйсіз тастадың.

Апат та көп, ой-шұңқырлы жолдарда,

Кесірінен сен жеп қойған ақшаның!

 

Қона қоймас рақымсызға бақ анық,

Жемқор деген атың жүрер жаңарып.

Айылыңды қалай ғана жимайсың?

Сыбайласың жатса дағы қамалып!

Ашкөздікпен баттың талай былыққа,

Отбасың да демеді, қой, құнықпа! 

Бұл жалғанға жалаңаш боп келгенсің,

Жалаңаш боп кетеріңді ұмытпа!

 

Көз жастың да өтеуі бар біліңдер!

Қазынаға қолды салмай, тыным бер!

Жер астында тыныш жатқың келсе егер,

Жер бетінде адал өмір сүріңдер!

Қалың қазақ құрап отыр жоқтан бар,

Ей, жемқорлар алтын сарай соққандар!

Су тасқыны елді тағы сорлатты,

Жетер енді, шыдам бітті. Тоқтаңдар!

Advert's photo
Ақпарат демеушісі:
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні
Advert's photo
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні

Ақпаратпен бөлісу
Әлеуметтік желілерде осы ақпаратпен бөлісу:

Пайдаланушылар пікірлерінің тізімі

Пікір қосу үшін жүйеге кіріңіз немесе біздің сайтымызға тіркеліңіз

Бұл әнге әлі ешкім пікір қалдырған жоқ. Бірінші болыңыз!








©2021 - 2024. MediaStar.kz – қазақ әндерінің деректер қоры
Барлық құқықтар сақталған!

Яндекс.Метрика