№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Марита Қабижанқызы |
Беу, дүние-ай, күйші өтті өмірден,
Жүрегінен сылқым бір күй төгілген!
Сезім шіркін, домбырамен үндесті,
Отыз сегіз жыл өшпеген көңілден!
Ерке қызға сұлулықты берген дөп,
Ғашық еді... Оған куә жер мен көк!
Өзгермепті, немересін ертіп ап,
Барады өтіп көз алдынан көлбеңдеп!
Сырлы аяқтың сыры әлі кетпеген,
Күй адыра, ғашық жанға шертпеген!
Жан тербеген күй төгілді, күйші аға,
Домбыраны қолға алғанда еппенен!
Орнықтырып жүрегіне жұртының,
Құдіретті күйдің шертті тылсымын!
Ерке аруға, жас шағының куәсі…
Мұра қылды, күйші – Ерке сылқымын
Ерке сылқым – шабыт кені, күй – шыңы!
Рақат табар тыңдаған жан түйсігі.
Тарихы әсем күй қалдырған қазаққа,
Ұмытпас ел Әбдімомын күйшіні!