№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Назым Әділбайтегі | |||
2. | Төрежан Сүлейменов |
Сенсің менің жан жүрегім жанарым,
Саған ғана арналады бар әнім.
Сенің жүзің жарқ еткенде көзіме,
Мен есімнен тана жаздап қаламын.
Қайырмасы:
Жанарыңнан оқыдым ғой мен бәрін,
Жазуларда жаным деген сөз барын.
Жанарларың жалт еткенде қағысып,
Жанып кете жаздады ғой жас жаным!
Сені ойлап, атты таңдарым,
Махаббаттың тұтанғанын жанғанын.
Тек сенімен өмір қызық екенін,
Жүрегімнің лүпілінен аңғардым.
Сен өртенсең мен де алаулап жанамын,
Жаным – егіз, қайда барсаң барамын.
Орын алдың жүрегімнің төрінен,
Тапсам бақыт сенен ғана табамын.
Сенсің бе? Әлде сенсің бе менің арманым,
Сенсің бе? Әлде сенсің бе менің ардағым.
Сенсің бе? Әлде сенсің бе менің сүйгенім,
Сенсің бе? Әлде сенсің бе менің жан-жарым!
Қайырмасы