№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Назым Әділбайтегі |
Ауыл, ауыл, ауылым, ауылым-ай,
Сағындырған желіменен жауынын-ай.
Ақындықтың ауыр жүгін сезбесем де,
Өмір жүгін арқалаудың қиынын-ай.
Күндер, күндер, күндерім күндерім-ай,
Көз ілмеген ұйқысыз түндерім ай.
Санамдағы сел тасқын селт етеді,
Қашан жетеді ғашыққа үндерім-ай.
Айлар, айлар, айларым, айларым-ай,
Тәуекел деп үмітті жалғадым-ай.
Жан сырымды түсінер адал жанды,
Алыстан да іздесем табармын-ай...
Жылдар, жылдар, жылдарым, жылдарым-ай,
Мырзакенттің жерінде жырладым-ай.
Жамандардан көңілім қалсадағы,
Жақсы жанның ақылын тыңдадым-ай.
Ғасыр, ғасыр, ғасырлар, ғасырларым,
Алаулаған сырымды жасырмадым.
Күйіп, жанып, өртеніп жүрсемдағы,
Тәлкегіне тағдырдың бас имедім.