№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Бақыт Шаяхметов | |||
2. | Қалихан Сапаров |
Туған ел Бақытбелдің даласында,
Ауылым Қарғыбаның жағасында.
Бақ дарып, қыдыр қонған осы ауылға,
Ей қалқам, менімен барасың ба.
Қайырмасы:
Ақсуатым, Ақсуатым –
Киелі жер бақ тұратын.
Жайқалған жасыл өлкем,
Халқың бар мақтанатын.
Туған жер – алтын бесік,
Аяулы атамекен Ақсуатым.
Ауылым алтын бесік саябағым,
Өзіңді мекен етіп саяладым.
Туған жер Отанымсың оттай ыстық,
Тамсанып мекенімді бағаладым.
Қайырмасы
Ақсуат сұлу көркем аялаған,
Табиғат бар байлығын аямаған.
Алыстан жеткенімле сағынышпен,
Әрқашан кең құшағын жаяр маған.
Қайырмасы