№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Марита Қабижанқызы |
Неге деген сұрақ қойма…
Сен мен жайлы не білесің, айта қойшы шырағым,
Баяндауға таба алам ба, қара сөздің бұлағын.
Жүрегіңді ауыртпаса болар еді қалқам-ай,
Тыңдағанда бастан кешкен бір пенденің сынағын.
Қара жауып, мына менің бір басыма мың түрлі,
Жұртты менен алыстату бар мақсаты құйтұрқы.
Ере алмай, көп халықтың, ағайынның соңынан,
Жалғыз қалып өткізгенмін жылауменен күн-түнді.
Ғайбат сөзбен, сол бір адам қатырды көп басымды,
Өтірік сөз жанға батып кірпікке жас асылды.
Жақыным ғой жаманымды асырған да аспанға,
Жақсылығым болса ылғи, көпшіліктен жасырды.
Қызметім, жақсылығым жұртқа еткен ұнамды,
Істей болды мен жасаған кері кеткен күмәнді.
Бір адамның мен жайлы айтқан сөзі улаған санасын,
Адамдардың алдындағы түсінбедім кінәмді.
Сол жақыным жала жапсам жетістігім деп мұным,
Көпшілікке мені айыптап тигізді сөз екпінін.
Бірақ, маған болашақта тұңғиықтан шығуға,
Білмеді ол ақырында тигізгенін септігін.
Бір әулетті басқарам деп, жұмсады ол, күшін мың,
Ал әулеттің баса алады орны биік мысын кім?
Көреалмаушы адамның бұл үйреншікті әдеті,
Екендігін жылдар өте ақылға сап түсіндім.
Берілетін сын ба екен, оны мен де кеш білдім,
Маңыздысы тек сыйластық мына жалған бес күннің.
Ең жаманы, өз бауырың сол жалаға сенгені,
Мұндай сынақ берілмесін, еншісіне ешкімнің!
Жақыныңнан алыс кету бұл да Алланың жазғаны,
Мейір менен сабыр болмай пиғылдың да азғаны.
Дүниеге адам болып келгеннен соң о, баста,
Адам болып қалу үшін әрекет қыл абзалы.