№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Марита Қабижанқызы |
Шежіресі тарихына өң берген,
Өнегесі орын берер ең төрден.
Салт-дәстүрді ұстануда шықпайық,
Ата-баба сызып берген шеңберден!
Бабаларым бек данышпан шетінен,
Зерттеуімен ғалымдардың бекіген.
Ерінбестен оқып шығып ұққаным,
Әр балада болады екен жеті мен.
Кіріктірмес жүрегіне өзгені,
Өз арына жүгінетін сөздері.
Дүниеге жаңа келген сәбидің,
Болмысында бірге туар өз мені.
Туылғаннан табылатын жанынан,
Немереге кие болып дарыған.
Сіңіреді тағылым мен мейірім,
Өз атасы, әжесінің қанынан.
Биік тұрар жиен үшін бағасы,
Ажырамас ешқашан да арасы.
Қасиетті бала бойға жинайды,
Ата менен әжесінен нағашы.
Дамуына үлесі зор баланың,
Ішкі мені адастырмас талабын.
Әке қаны тамырдағы қуаты,
Ақ сүтінен нәр алады ананың.
Салт-дәстүрдің осы болар сабағы,
Дұрыс жолға аттандырар баланы.
Нағашы ата қасиетін жүз пайыз,
Елу пайыз анадан ұл алады.
Текті ұрпақ, қаны таза біз ғана,
Өседі алып қарайтындай қызғана.
Әжесінен жүз пайыздық қасиет,
Әкесінен елу пайыз қыз бала.
Сондықтан да, ей, адамдар бұл бағың!
Алдыңдағы шуақты атып тұр таңың.
Қазағымның қастерлесең дәстүрін,
Болашақта мықты болар ұрпағың!
Баба жолын жүрген абзал ұлықтай,
Тазалықтың бастауы ол тұнықтай.
Үш ұрпақтың үндестігін сақтауды,
Жүріңіздер әр қазағым ұмытпай!