№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Марита Қабижанқызы |
Бұл мамандық ежелгі заманнан бар,
Ем шипасын науқастың таба алғандар.
Еңбек еткен күн-түні дәрігерлер,
Гиппократ антына адал жандар.
Қайырмасы:
Ей, адамдар денсаулық – жәдігерің,
Жабысқан дерт уайымың, әбігерің!
Айықтырар жаныңа араша боп,
Ақ халатты абзал жан – дәрігерің!
Адам жанын емдеуден бақ табады,
Дәрігерлер қашанда мақтан аты!
Алғашқы боп көмекке ұмтылатын,
Ақ арындай кіршіксіз ақ халаты!
Қайырмасы
Бара алатын тым қиын қадамдарға,
Дәрігерден мейірбан адам бар ма?
Ықыласын халықтан аямайтын,
Шексіз алғыс айтамыз адал жанға!
Қайырмасы