№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Айгүл Жұмаділ | |||
2. | Матқұлбек Маясаров |
Бұл дала – тұран дала, оғыз дала,
Тұғыры қыранды елдің, ол – ізгі ана!
Қоздатып, азандатып, азынатып,
Боздайды боз інгендей қобыз дала.
Сары дала сарқыт болып Сақтан қалған,
Керегі қашқан аң мен жатқан малдан,
Уықтың уысында шаңырағы,
Тынысы құзіретті Хақтан болған.
Ғұн дала, ғұмыр дала ғұрпы мықты,
Жұртына жұмырлаған жыр тұнықты.
Жер менен көгі сүйіп маңдайынан,
Тербеген тал бесігі түркілікті.
Бұл дала – қазақ дала, ұлы дала!
Шыққан күн шомылдырған шұғылаға,
Мәңгі жұрт мекен еткен Мекке де осы,
Қазаққа қағба да осы, құбыла да.