№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Ардақ Игенова |
Жазылғандай өткен күн жыр дастаны,
Неткен ғажап құрдастар сырласқаны!
Балдәурен балалық шақ артта қалып,
Жақсылыққа жарқын күн жол бастады!
Қайырмасы:
Өрелі ұлдар – ұлықты,
Хас сұлулар – қылықты.
Жылдар салып араға,
Басымыз бір бірікті
Арманыңды үкілеп айға ілдің,
Сол кездегі достарым қайда бүгін?
Пір партада отырған кластастар,
Қырау шалып самайды қалдау біздің.
Қайырмасы
Алғыс алған үлкеннен баталымыз,
Сиремесін тілейік қатарымыз.
Ата-әже атандық салихалы,
Бірлік болсын, аманат айтарымыз!
Қайырмасы