№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Назым Әділбайтегі |
Шексіз ғой, бұл жалғанда талап тілек,
Дүние қуып, алданба жадап-жүдеп.
Қанағат ет, адамдар қанағат ет,
Қанағатсыз өмірің – қара түнек.
Шектен шығып, мастанып кете берме,
Ұнатпасаң, сөзімді сөге көрме.
Бұзушы көп, түзеуші аз өмірде,
Өсекшінің соңына ере берме.
Көзің көрмей, сөзіне сене берме,
Пайдасы жоқ бос сөздің керегі не.
Терең ойлан, бәріне көне берме,
Жүрегіңе тек өзің сене біл де.
Бұлт төнсе, басыңа дауылды күн,
Жеңе білгін, тағдырдың ауыр жүгін.
Ақылға келіп байсалды сабыр етсең,
Көрінбей ме соңынан шуақты күн.