№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Сырым Сәрсеков |
Өзіңмен бірге жүрсем арман бар ма,
Кедергі бола алмас еш қамалдар да.
Табиғат сұлулығын сенен көрем,
Тұрғандай сендегі жанарларда.
Қайырмасы:
Жұлдызым жарқыраған өзің бе едің?
Жүрекке жылу берген сезім бе едің.
Бақыттың дәмін бірге көретұғын,
Мөлдіреп тұратұғын көзім бе едің.
Көктегі шоқ жұлдызым бір өзіңсің,
Мұң басар бұл ғаламды бір өзіңсіз.
Құлпырған қызғалдағым бір өзіңсің,
Көңілім құлазиды бір өзіңсіз.
Қайырмасы