| № | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
| Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
| 1 | 2 | 3 | 4 | |
| 1. | Гүлнар Рақымжанқызы | |||
| 2. | Әлібек Тойлыбай | |||
Тым тәтті кездерімді,
Үздіккен сөздеріңді.
Мөлт еткен көздеріңді,
Сен қалай ұмыт дейсің?
Қайырмасы:
Жоқ болсаң, мұң тұнатын,
Бір саған ұмтылатын.
Жүректі қайтсем екен,
Бүлк етіп бұлқынатын?!...
Құшқанда білектерің,
Жанымның дір еткенін.
Күрсінген жүрек демін,
Сен қалай ұмыт дейсің?!
Қайырмасы
Кездескем сағынысып,
Сырласқам жанып-ысып.
Кеткендей жаңылысып,
Сен қалай ұмыт дейсің?
Қайырмасы