№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Назым Әділбайтегі | |||
2. | Төрежан Сүлейменов |
Қоштаспаймын сенімен,
Қоштасқым да келмейді.
Қоштасамыз дегенге,
Жүрегім де сенбейді.
Қош бол деймін көргенше,
Қайта айналып келгенше.
Мейірімді жүзіңмен,
Көздеріңді көргенше.
Қайырмасы:
Ұмытпаймын сені мен,
Жүрегінді, өзіңді.
Салмақты бір сабырменен,
Айтылатын сөзіңді.
Сағынамын әрқашан,
Қылығыңды төзімді.
Мәңгілікке сақтаймын,
Мөлдір таза сезімді.
Мөлдір таза махаббат,
Жүрегімді тербейді.
Мәңгілікке өзіңмен,
Қоштасқымда келмейді.
Қосылған қос жүректерде,
Қалсын әнім жаңғырып.
Біз секілді ғашықтар,
Бола берсін мәңгілік.
Қайырмасы