№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Анарбек Қозбақов | |||
2. | Төлеубек Жұмашұлы |
Қара нанға тойған соң, қайғы нетер,
Қара суды ішсең де дәмі шекер.
Алтындаған тесекте жатсаңдағы,
Денсаулығың болмаса бәрі бекер!
Қара қоста болсаң да өмір өтер,
Қара тауда жүрсең де көңіл жетер.
Ай шарында үйіңіз болсадағы,
Берекесі болмаса бәрі бекер!
Гүл ішінде ара бар шағып өтер,
Ел ішінде ала бар кері кетер.
Бір ұяның түлегі бір-бірінің,
Шұқып жатса көздерін бәрі бекер!
Өрге баспай өтіріктің ары кетер,
Орнын таппай өсектің жаны кетер.
Көңіліне карап сөйлеу ақылыңнан,
Ел жүрегін ауыртсаң, бәрі бекер!
Қалай тапсаң, табысты солай кетер,
Адал болсаң, арманға қолың, жетер.
Өзімшілдің өзегін кұрт кемірер,
Өзін ғана ойласа бәрі бекер!
Білмеген соң қадірін бағың кетер,
Өзгелердің астында тағың кетер.
Бақыт деген базарда сатылмайды,
Саудаласаң, бақыттың бәрі бекер!
Кісілігің жүзіңді жарық етер,
Кішілігің тұлғанды алып етер.
Басыңа алтыннан тәж кисеңдағы,
Әділдігің болмаса бәрі бекер!
Біреуге айтсаң, сырыңды жайып өтер,
Біреуге айтсаң, шыныңды айып етер.
Сары алтын мен сабанның түрі ұксайды,
Біле алмасаң салмактап бері бекер!
Қөл суалса аққудың әні кетер,
Гүл қураса даланың сәні кетер.
Атан түйе адасып жолдан тайса,
Ботаға өкпелеудің, бәрі бекер!