№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Аяулым Махабілқызы | |||
2. | Ермек Қожахметұлы |
Өкініштен өзегім өртенеді,
Кеше ғана бұл жерде көктем еді.
Жан дүниеме жылуын беретұғын,
Жүрегімде бір сезім өктем еді.
Сол сезіммен арманым көптеу еді,
Сол сезіммен құлпырып көктеу еді.
Сол сезімді арманмен ұштастырып,
Өмірдің қызығына беттеу еді.
Қайырмасы:
Бірақ күнде көктемім күзге айналды,
Бірақ түнде сезімім мұзға айналды.
Қол ұстасып сенімен шығам деген,
Бірақ күнде шыңдарым құзға айналды.
Өзектегі өкініш кетер ме екен,
Көрсетпеуге төзімім жетер ме екен.
Басқаның құшағында жүрсеңдағы.
Сені аңсаумен өмірім өтер ме екен.
Күні кеше бұл өмір басқа еді,
Бар жылуын басыма жастап еді.
Бүгін міне сезімім астан-кестең,
Тағдырдың талқысына тастап еді.
Қайырмасы