№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Марита Қабижанқызы |
Жаз да өтті, жәйбарақат жүр едік.
Есік аш – деп жақындады күз келіп.
Уақыт көші зымырайды тоқтамай,
Санаспайды, бермейді ол бізге ерік.
Сын сағатта шаршатпа ой-санаңды,
Уақыт көші алдамайды адамды.
Үлгересің арманыңа жетуге,
Уақытпенен бірге бассаң қадамды!
Қайырмасы:
Бағалаңдар өтіп жатқан күн, айды,
Уақыт көші үйретеді, сынайды!
Барлық секунд, минут пенен сағаттар,
Сенің сүрген өміріңді құрайды!
Қылшылдаған қыс сүйретіп қылышын,
Мезгілімен ала келер ырысын.
Тоңсаң дағы, қалма уақыт көшінен,
Көрсетеді ісіңнің ол дұрысын.
Көктем келіп құлпырса да көңілің,
Қонағысың уақыт көші төрінің.
Әрбір сәтің сол уақытқа байлаулы,
Мәңгі емес бұл жалғанда өмірің!
Қайырмасы