№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Назым Әділбайтегі |
Ғайыптан тайып, шабытым келіп,
Көңілім толып, өлең жазған кездерде.
Арнаймын әнді, керемет сәнді,
Сыйқырлы сазды сөздерге.
Өлеңде шығар көңілі таза,
Жымиған жылы жүздерге,
Жүрекпен ұғар, сезіммен сезер,
Тектілер керек біздерге.
Денсаулық пенен, ұзақ та, мәңгі,
Өмір тілеймін сіздерге...
Ғасырдың ғажап ғаламаты көп,
Жаратқан берер адамға.
Жақсылар айтқан аманаты көп,
Жаңғырар менің санамда.
Кей жанның дерлік балағаты көп,
Тигізер жынын маған да.
Жүрейік таңның шапағаты боп,
Жақсылық ойлап одан да!...