| № | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
| Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
| 1 | 2 | 3 | 4 | |
| 1. | Жібек Искакова | |||
| 2. | Әлібек Тойлыбай | |||
Ай нұрынан жаралған,
Күн нұрынан нәр алған.
Жаны сұлу жан әпке,
Аққудайын таранған.
Қайырмасы:
Сезсем өмір сынағын,
Сізді ойлап тұрамын.
Арналады, жан әпке,
Жүрегімнен жыр, әнім!
Көктемім – сіз, жазым – сіз,
Жайнаған гүл бағым – сіз.
Инабатты, ибалы,
Намысым – сіз, арым – сіз.
Қайырмасы
Өмірдегі тірегім,
Сіз деп соғар жүрегім.
Жетелейтін биікке,
Өзіңіз деп білемін...
Қайырмасы