№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Жібек Искакова | |||
2. | Жұпаркүл Бекшораева |
Атар таңым, батар күнім – сіз деймін,
Өтсін мейлі қанша көктем, күз мейлің.
Жан анашым жадырасын жаныңыз,
Есік ашып жасың тоқсан, жүздейін...
Қайырмасы:
А-а-ай,
Біздер үшін ақыл берер данасың,
Біздер үшін ең мейрімді анасың.
Кіріп келді жеке меншік мерекең,
Құтты болсын, құтты болсын,
Туған күнің анашым!
Қуандырсын жылу беріп арай күн,
Өзіңізден шуақ болып тараймын.
Тірегім – сіз, жүрегім – сіз, анашым,
Аман жүрші, саулығыңды қалаймын!
Қайырмасы
Жана берсін жан анашым бағыңыз.
Мерекеңді тойлайық көп тағы біз.
Ақ пейілді жаны сұлу анашым,
Қуантады жанымызда барыңыз.
Қайырмасы