№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Жолдас Сарманов | |||
2. | Марат Жолдыбаев |
Сыбдырлаған сыбыс беріп шалғайдан,
Күз мезгілі жапырақтар сарғайған.
Өткен күнде қалса дағы бар қайғым,
Сазы мұңлы тұла бойға тарайды ән.
Қайырмасы:
Естеліктен жүректе сыр тұнғандай,
Қалған бірақ, қалған ол сыр жырланбай.
Бірақ жаным тағзым етіп өзіңе,
Заңғар көңлім басымды иіп тұрғандай.
Білмеймін жаным өңім бе әлде түсім бе,
Бір жапырақ жолыма кеп түскенде.
Жапырақты қолыма алғам аз кем мен,
Жыр күймелер түзізді арман көшіме.
Қайырмасы
Ойлар келді маған талай не түрлі,
Бұл жапырақ естеліктер секілді.
Келерме едің кездесуге осы сәт,
Кермаралдай кермеқас қыз кекілді.
Қайырмасы