№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Ермек Қожахметұлы |
Жолыңа қарап, күтіп тұратын,
Өмірде бәрін ұмыттыратын.
Жүрегі сен деп соғып тұратын,
Қыздар ғана лайық ғой – әкенің махабатына.
Көргенде күліп, құшақ ашатын,
Жылуын төгіп шуақ шашатын.
Маңдайдан сүйіп мауқын басатын
Қыздар ғана лайық ғой – әкенің махабатына.
Қайырмасы:
Әкешім менің жүретін демеп,
Беретін саған ойланбай көмек.
Білдірмей бізден жасырғанымен,
Әкенің қызға сезімі бөлек.
Мейірім саған төгіп келетін,
Еркелігіңе еріп кететін.
Өмірде саған сенім беретін,
Қыздар ғана лайық ғой – әкенің махабатына.
Қайырмасы