№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Гүлзия Тәжіханқызы |
Жетпіс жасты алқымдапсыз әкешім,
Алдыңызда парыздарым өтелсін.
Батаменен ағайынның алдында,
Ұлан асыр мерей тойың өтер шын.
Қайырмасы:
Бір әулеттің әкетайым, бағысың,
Тоқтата алды кімдер өмір ағысын.
Тағзым етем, басымды иіп, тағы әке,
Өрісің – кең, пейілің – ақ, арысым.
Анашым-ау, уайымға көп көмілме,
Кетіп әрің, қартайыпсың өмірде.
Арманым жоқ, жүрсем егер пәниде,
Салмай қаяу бойыңдағы көңілге.
Қайырмасы
Құтты болсын, алтын тойың, мерейің,
Жырымменен сыр ақтарды көмейім.
Жүз жасаңыз анашыммен әкетай,
Тәңір жазса, тағы тойды көрейін.
Қайырмасы