№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Айзада Бекенқызы |
Сағынышым көзден жас боп төгілер,
Жараланған жүрегімнің емін бер.
Кінәлама, өтінемін, жанымды,
Жан жарасы өзіңді ойлап сөгілер.
Қайырмасы:
Кінәлама, кінәлама, жалынам,
Шырақ болып жүрегіңе жағылам.
Сезіміме күдіктене қарасаң,
Тамшылардай бұлттан түсіп ағылам.
Жан дүниемді өзің ғана ұғарсың,
Сезіміме қанат жалғап тұрғансың.
Көлде жүзген аққуларға теңейтін,
Өзің ғана музам болып туғансың...
Қайырмасы
Ұқсамайсың сен ешкімге ғашығым,
Бір өзіңе тәнті етті жан сырым.
Мәңгі бірге болайықшы өмірде,
Тек өзіңсің жанға жақын асылым.
Қайырмасы