№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Ардақ Камак | |||
2. | Роза Есенгелдиева |
Сені ойлаймын көңілім жабыққанда,
Көзімді ілмей, жанарды жағып таңға.
Қарайлаймын, жолыңа жаутаңдаймын,
Тіршіліктен жабырқап, қамыққанда.
Қайырмасы:
Сені ойлаймын өмірден шаршағанда,
Сенің жылы үніңді аңсағанда.
Дүрсілдейді жүрегім байыз таппай,
Қиялыммен өзіңді қарсы алғанда.
Сені ойлаймын таба алмай қарманамын,
Кезіп кетем қырларын сары даланың.
Сағыныштың кеудемде нұры ұялап,
Саған ғана арналады салған әнім.
Қайырмасы
Сені ғана ойлаймын сенесің бе,
Күйзелісін жанымның сезесің бе?
Шамам жетпей ойыммен егесуге,
Жатсам-тұрсам тұрасың сен есімде.
Қайырмасы