№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Мұхан Байбосынов | |||
2. | Әбдәшім Байбосынов |
Сен дегенде көңілім тасынады,
Гүл бағында жүргендей ашылады.
Өлең айтып əн салсам бұл жалғанда,
Толқын болып жүрегім басылады.
Қайырмасы:
Ақеркем – арманымсың аңсаған,
Ақеркем өзіңе арнап əн салам.
Арайландың ақ таңымдай,
Жаңа туған шолпанымдай.
Жақсы көрем өмірде достасқанды,
Құрдастармен кездесіп бас қосқанды.
Қызық жалған осылай өте берсін,
Қаламайды жүрегім қоштасқанды.
Қайырмасы
Айтарым көп арманым бір өзіңе,
Сүйемін деп айтылған шын сөзіме.
Кім жүрмеген ауылдың көшесімен,
Ыстық болып көріндің сен көзіме.
Қайырмасы