№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Мұхан Байбосынов | |||
2. | Роза Сұлтанәлиева |
Аяулы алтын анашым менің,
Жете бер асыл арманға.
Мен үшін жалғыз жанашыр едің,
Артық жан жоқ бұл жалғанда!
Қайырмасы:
Жадырап-жайнап, күліп жүр аман.
Өзіңсің мерей-мақтаным.
Жақсылық көріп, жүрші дін аман,
Арайлап атсын ақ таңың.
Тілеймін бақыт, қуаныш ғана,
Ұсынам көктем гүлдерін.
Қарызбын сізге, мың алғыс, ана!
Бақыт ғой осы жүргенің.
Қайырмасы
Мерекеңізбен құттықтап сізді,
Сыйлайын қолда барымды.
Ең жақсы тілек арнаймын ізгі,
Жүректен шыққан әнімді.
Қайырмасы