№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Мұхан Байбосынов | |||
2. | Роза Сұлтанәлиева |
Қалғандай-ақ бал күнiм нақ осында,
Тағы келдім Арыстың жағасына.
Жастық шақтың жалынын жел әкетті,
Жетемiн деп жүргенде бағасына.
Қайырмасы:
Apy Арыс өзені – тұнған арман,
Ай-жұлдыздың сәулесiн ұрлап алған.
Толқып аққан Арысқа қарап тұрып,
Менiң жаным тәттi бiр мұңға оранған.
Туын жықпай сезiмнiң желбіреген,
Арыс ағып барады мөлдіреген.
Өлеңімде өмiрдiң өрнектерi,
Тулап жатты жүректе толқын-өлең.
Қайырмасы
Толқын-толқын бiр-бiрiн қуалады,
Арнасымен Арыстың суы ағады.
Шөп-шаламнан сәт сайын тазаланса,
Толқып iшкi әлемім қуанады.
Қайырмасы