№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Батырхан Дәуренбеков | |||
2. | Мұхан Байбосынов |
Бір ауылда бірге өстік өзіңмен,
Бейхабар ең саған деген сезімнен.
Ғашық болған бала махаббатымды,
Қалай ғана байқамадың көзімнен?.
Қайырмасы:
Тағдыр солай кінәлама тек мені,
Өз жүрегім әлі маған өкпелі.
Ұмыта алмай әлі күнге жүрмін мен,
Менен алыс сен қалаға кеткелі.
Бата алмадым батылдығым жетпеді,
Бала мінез, ұяңдығым шектеді.
Саған арнап хатқа жазған сөздерім,
Ақ қағаздан ары қарай өтпеді.
Қайырмасы
Ақ бантикті әдемі қыз кекілді,
Тағдырымыз тоғыспайтын секілді.
Саған деген сағынышым жүректе,
Сарқылмайтын әсем әнмен шектелді.
Қайырмасы