№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Мұхан Байбосынов | |||
2. | Темірхан Әбдік |
Қос аққудай қатар жүзген көлдегі,
Махаббаттың желбіреп ақ желкені.
Жаңа өмірге қадам басты екі жас,
Құтты болсын, жарқын болсын ертеңі.
Қайырмасы:
Ғашық сезім қос жүректі жұптады,
Ғашық сезім махаббатты сақтады.
Ортамызға бір шаңырақ қосылып,
Ақ отаудың босағасын, босағасын аттады.
Орындалсын ғашықтардың қалауы,
Сөнбесін тек махаббаттың алауы.
Сыйластығы, ынтымағы жарасқан,
Биік тұрсын жас отаудың жалауы.
Қайырмасы
Артта қалды жастық күндер бала сыр,
Бесік тербеп, айтады ертең ана жыр.
Құтты болсын жас жұбайлар тойларың,
Бәйшешектей бүршігіңді жара біл.
Қайырмасы