№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Зікіра Қожаев | |||
2. | Мұхан Байбосынов |
Қызғалдақпен құлпырған құба белі,
Гүлдене бер, туған жер, қазақ елі.
Имандылық жолына жетелеген,
Салт-дәстүрің не деген ғажап еді.
Қайырмасы:
Қазақ елі, қазақ елі,
Сан ғасырдың куәгері.
Әлдилеген кең даласын,
Домбыраның сазы әдемі,
Гүлдене бер қазақ елі!
Төскейінде тұлпарлар дүбірлеген,
Дұшпанына тізесі бүгілмеген.
Құшақ жайып қадірлі қонағына,
Дастарқаннан мәзірі үзілмеген.
Қайырмасы
Тәуелсіз боп кең жайған керегені,
Бейбітшілік, ынтымақ – тілегені.
Қуат алған самұрық қанатынан,
Гүлдене бер көркейіп қазақ елі!
Қайырмасы