№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Мұхан Байбосынов | |||
2. | Роза Сұлтанәлиева |
Отырмын ой жіберіп өткеніме,
Өмірдің кәусәр кезі – көктеміне.
Жастық шақ ауылынан байқамаппын,
Алыстап, көп болыпты-ау, кеткеніме.
Қайырмасы:
Жайқалған жүрегінде өрімдей гүл,
Көп достар неге бүгін көрінбей жүр.
Алыстап жастық шақтың ауылы да,
От сезім өлең болып өрілмей жүр.
Біз осы уақыт құнын білдік пе екен,
Өтпестей шалқып-тасып жүрдік пе екен.
Жастық шақ қайырылмай кетсе дағы,
Көңілдің күй-күмбезін күмбірлетем.
Қайырмасы
Кешегі ерке мінез, құлын-өлең,
Жалынан сипайыншы бүгін де мен.
Жастық шақ – мәңгі әуені сағыныштың,
Жаныңнан желіп өтсе білінбеген.
Қайырмасы