№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Мұхан Байбосынов | |||
2. | Роза Сұлтанәлиева |
Өлең жазсам маңдайдың бағы шығар,
Байлықты ойлап мен емес жан ұшырар.
Даналықтың іздесем әліппесін,
Бойымда бар қазақтың қаны шығар.
Пайда үшін дайын боп жалтаруға,
Ұмтылғам жоқ көбірек мал табуға.
Оймен өткен мазасыз түндерімнің,
Белгілері шашымның әр талында.
Жан ауыртар жел сөзді құптамадым,
Жағымпазды белгілі ұқпағаным.
Жеңісіме жанашыр шын қуанса,
Керек болды біреуге ұтпағаным.
Оңаша қап кезім көп тұйықтала,
Аз болған жоқ сын сәттер иық талар.
Ар алдында адам боп қалған жанның,
Аласармас арманы биік болар.
Көктем жазда өрнекті ізім қалып,
Жырлайыншы береке күзің болып.
Жыр бесігін тербетем сыбызғы үнмен,
Айтары бар бір ақын қызың болып.
Қуанғанда сырластым өлеңменен,
Мұңайғанда сырластым өлеңменен.
Бәйге-жырда бақ пен бап қатар шапсын,
Бойда сенім бар түбі жеңем деген.