№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Мұхан Байбосынов | |||
2. | Темірхан Әбдік |
Балалықтан қалған белгі,
Ең алғашқы бал сезім.
Таңдар атып, қанша сөнді,
Хабар күтіп жүр төзім.
Аңсап көңіл алаңдайды,
Оңашада қалғанда.
Қиялдайды, қия алмайды,
Қолын созып арманға.
Қайырмасы:
Қарайлаймын жолыға алмай,
Ғашық жүрек сыздады.
Сол сезімді өшіре алмай,
Іздеп жүрмін сізді әлі.
Пәк сезімді серік еттім,
Сағынышпен оянып.
Мені өзіңе ғашық еттің,
Ән болып оралып.
Айтылмады қымбат сырым,
Бәрі менің ішімде.
Махаббаттың арнап жырын,
Жолығамын түсімде.
Қайырмасы