№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Мұхан Байбосынов | |||
2. | Сембай Қалдыбаев |
Бұл заман білген жанға айна- шырақ,
Денсаулық – терең байлық үлкен мұрат.
Талпынып еңбек етсең, жалқауланбай,
Байланып бақ қонады басқа, шырақ.
Жеңерсің ақылменен ауыр істі,
Жұмсай біл игілікке қара күшті.
Еңбек ет, қара жердің майын тамыз,
Арылтып болбырлықтан ішті, тысты.
Дүние жеткізбейді қуғанменен,
Жаман атақ өшпейді жуғанменен.
Жамандықтың қайырымы кем болады,
Атадан жақсы болып туғанменен.
Жоқшылық ер жігіттің қолын байлар,
Бар-жоқты салыстырмас өзі байлар.
Парасатты, кішіпейіл, дана адамдар,
Халқының болашағын қамын ойлар.
Бой ұрма əсем-сырбаз боламын деп,
Дүниеде армансыз боп толамын деп.
Халқыңның қамын ойлар болсаң егер,
Бақытың басқа өзі қонады кеп.