№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Мұхан Байбосынов | |||
2. | Құрманғазы Қайыпназар |
Күнінде көктас балқыған,
Көгінде қыран қалқыған.
Ауасы жұпар аңқыған,
Түтіні түзу шалқыған.
Диханым егін суарған,
Қараспан елім ну орман.
Қайырмасы:
Қыры мен сайы дән толып,
Жаңбыры жауған нан болып.
Түгінен майы көрінген,
Түлігі жайып семірген.
Жайлауы жасыл жарасқан,
Жасай бер, жайна Қараспан.
Айнала өткен елімді,
Аймалай өпкен жерімді.
Қойнауы балық тулаған,
Үйрегі, қазы шулаған.
Шәмшінің ашқан тынысын,
Өзенім Арыс – ырысым.
Қайырмасы