№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Мұхан Байбосынов | |||
2. | Фатима Жүнісова |
Аңыз өлке, сырға тұнған мекенім,
Қоныс еткен Қаратаудың етегін.
Сағынышым сыймағанда кеудеме,
Аңсап елге құстай ұшып жетемін.
Қайырмасы:
Туған жерім – Қаратауым, Созағым,
Сен дегенде елең қағып тұрамын.
Дархан елім, алтын бесік, байтағым,
Жырға бөлеп, әнге қосып айтамын.
Қасиетті топырағыңнан нәр алып,
Құшағыңда мен еркелеп жатамын.
Боз жусанның исі қандай әдемі,
Жасқа үлгі, үлкендердің әдебі.
Жүрегіңді толтырады шуаққа,
Жаны жайсаң жеңгелердің сәлемі.
Қайырмасы
Қызыл көлі, қыраттары, бөктері,
Қойнауында ырыс құты, көп кені.
Күмбірлетіп күй тартады қуана,
Қонағына құшақ жайған текті елі.
Қайырмасы