№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Мұхан Байбосынов | |||
2. | Пернехан Юсупов |
Күлімдеген күнім, айым,
Құшағыңда жылынайын.
Ғашықтықтан күйіп – жанамын.
Тек өзіңсің аңсағаным,
Сүйемін деп жар саламын.
Сүйдім сені, сүйіп қаламын.
Қайырмасы:
Келші жаным сырласайық,
Көңілдегі мұңды ашайық,
Жаздың самал айлы кешінде.
Неткен әсем ай – қабағың,
Жырға қосып айтар әнім,
Сырыңды ашқан жайың – есімде.
Жан сырымды ақтарайын,
Құшып сені шаттанайын,
Ақ жүзіңе иіп қарадым.
Бақытыма балағаным,
Өзің болдың қалағаным,
Сүйем сені, сүйіп қаламын.
Қайырмасы
Жүрген жан ем жанбай бағы,
Бақытымсың маңдайдағы,
Таусылмайтын әнім – жырымсың.
Болдың менің жаныма азық,
Жан екенсің жаны нәзік,
Мәңгі солмас лағыл гүлімсің.
Қайырмасы