№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Мұхан Байбосынов | |||
2. | Назгүл Бердіқожа |
Жолықтың сен бақыт ұрлап күлкімнен,
Өзің барда жұлдыз жанып, күн күлген.
Біздер жүрген жолдың шеті соңында,
Екі жаққа апарарын кім білген.
Қайырмасы:
Көңілдегі қайта оралмас көктемім,
Өмірдегі өкіндірмес өткенім.
Жауын жауса жасырғаным болмаса,
Оңашада жылағаным жоқ менің.
Жанымды өртер естелігің көп сенің,
Әлі күнге шарпып өтер өрт демің.
Ұмытайын десем дағы жанымда,
Бірге жүрер көлеңкем боп кеткенің.
Жеткіздім мен сағынышты ән қылып,
Санамда тек жаңғырады сан күдік.
Сені күтер өмір бойы жүрегім,
Маңдайыма жазылғансың мәңгілік.
Қайырмасы
Кезіктірем кейде сені түсімде,
Тағдырыма жолыққаның үшінде.
Саған деген сұрақтардың барлығы,
Мына менің жанарымның ішінде.
Қайырмасы