№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Мұхан Байбосынов | |||
2. | Фатима Жүнісова |
От боп жанып лаулап,
Жан-дүниемді баурап,
Нұрға бөлер әппақ таңымсың.
Ынтық жүрек іздеп,
Жұпар сезім бүрлеп,
Ән саламын өзіңе бағым!
Қайырмасы:
Жарқыраған айсың,
Күлімдеп қарайсың,
Сезіміме үміт жалғайсың.
Балдай тәттім менің,
Қандай көркем едің,
Жаным, жаным, маған ұнайсың!
Тұла бойы арман,
Шығарсың сен алдан,
Сүйген адам жетер сұраумен.
Саған құшақ жайғам,
Аумай қалған айдан,
Сәуле шашып еркем тұрар ма ең?
Қайырмасы
Ажарлым, сүйкімді,
Аңсадым күлкіңді,
Сағындырдың күнде іздедім.
Құлағымда үнің,
Шуақ төгер күнім,
Ұмыта алмас сені жүрегім.
Қайырмасы