№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Батырхан Дәуренбеков | |||
2. | Мұхан Байбосынов |
Көктем келіп, қарлар еріп оянды дала,
Қырға барып, асыр салып қуанды бала.
Ал, халайық, қарсы алайық жаңа жыл басын,
Ақ мол болсын, орта толсын наурыз жасасын!
Қайырмасы:
Наурыз, наурыз мерекеміз,
Арта берсін берекеміз,
Бірге тойлап халқымызбенен.
Наурыз, наурыз шаттанайық
Бар әлемге мақтанайық,
Ата дәстүр, салтымызбенен.
Қайдасыңдар, жігіт, қыздар думанды бастар,
Әндер салсын, шабыт алсын, өнерлі жастар.
Наурыз тойын, ұлттық ойын жандандырайық,
Ойын-сауық, бәйге шауып, таңқалдырайық.
Қайырмасы