| № | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
| Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
| 1 | 2 | 3 | 4 | |
| 1. | Мұхан Байбосынов | |||
| 2. | Роза Сұлтанәлиева | |||
Тəңірім қабыл етіп тілегімді,
Бақыттың алаңына гүл егілді.
Қуантып немеремнің тəтті үні,
Тербеді ғажап сезім жүрегімді.
Қайырмасы:
Біз үшін қуанды ма қала, көшем,
Жүруші ем тым елжіреп бала көрсем.
Жаратқан, сақта əр кез тіл мен көзден,
Өссінші немереміз аман-есен.
Жалғасы өмірімнің жан немерем,
Жазылар жырым, сұлу əн-немерем.
Арайлы ақ жүзіңнен айналайын,
Жаннан да тəтті, шырын бал-немерем.
Қайырмасы
Көңілдің күмбірлейді күйі бөтен,
Баланың бал күлкісін кім сүймеген.
Бақытты сəттерімді бағалатқан,
Немере – тағдыр тартқан сыйы ма екен!?
Қайырмасы
 
                    