№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Мұхан Байбосынов |
Сені ойласам, ой, қалқа,
Көңіл тұрар тасып-ақ.
Өзің келсең, ой, қалқа,
Жеткізер ем ашып-ақ.
Қайырмасы:
Айтып ең келем деп,
Жүрмін мен елеңдеп.
Сені ойлап, қалқа, күнде мен.
Арайлы таңдарым,
Өзіңсің арманым.
Үмітті мәңгі үзбегем.
Жасыра алмай мұңымды,
Әнге қостым жырымды.
Басқа жанға, ой, қалқа,
Айта алмадым сырымды.
Қайырмасы
Аман-есен жүрсің бе,
Көрінбейсің бұл күнде.
Қол жетпейтін аспанда,
Айсың ба, әлде күнсің бе?!
Қайырмасы