№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Мұхан Байбосынов | |||
2. | Нұрғали Сердалиев |
Балауса бағым, кездестім жаным өзіңмен,
Тіл қаттың маған тұмарлы тұнық сезіммен.
Күлімдеп тұрып, жүзіме сыйлап қуаныш,
Сырымды нәзік, байқадың мөлдір көзімнен.
Қайырмасы:
Бақытты сезім тербеді мені,
Ойлаймын сені неге үнемі.
Сарғайды жаным, сағыныш сазым,
Күтумен аңсап жүрмін себебі.
Көңілдің сенсіз, шаттығы болмас ғұмырдың,
Еркелеп өскен қырмызы қызыл гүліңмін.
Көрмесем сені кеудеме сыймай жүрегім,
Өзіңді іздеп соғарын енді ұғындым.
Қайырмасы
Айдында жүзер аялап мені сыңарым,
Күйімді шертем, бұлақтай кәусар жыр әнім.
Тілегім менің үзілмес әппақ үмітім,
Жанымда болшы, сөндірме сезім шырағын.
Қайырмасы