№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Мұхан Байбосынов | |||
2. | Әлібек Шегебай |
Кешегі күндер жоқ бүгін,
Толқындай бізді тербеген.
Жанымның құшақ шоқ гүлін,
Жасқанып тұрып берген ем.
Сағымдай кейде қол бұлғап,
Шақырар бізді сол күнге.
Гүлдерге толы торғын бақ,
Сарғайып қапты бұл күнде.
Қайырмасы:
Қол созып асқақ арманға,
Аялап едік сезімді.
Сыймаймын жаным жалғанға,
Сағынған сәтте өзіңді.
Жүрсің бе сен де торығып,
Бұйырмай кеткен бақытым.
Жұлдызды түнде жолығып,
Жоғалтып алған жақұтым.
Сырымды жайып гүлдерге,
Сағынам жиі сені ойлап.
Оралып өткен күндерге,
Жүрсің бе сен де мені ойлап.
Қайырмасы